2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысы 410 мың теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% жоғары. Инфляцияны ескергендегі нақты өсім 3,7% болды, деп хабарлайды статистика бюросы.
Ай сайынғы есеппен бір адамға шаққандағы орташа табыс 136,7 мың теңге.
Табыстың негізгі бөлігі жалдамалы жұмыстан түседі. Оның үлесі 64,6%, немесе тоқсанына 264,9 мың теңге болды. Өзге еңбек қызметінен түсетін табыс 8,1%-ды (33 мың теңге), ал әлеуметтік төлемдер 24,2%-ды (99 мың теңге) құрады.
II тоқсанда жан басына шаққандағы ақшалай шығын орта есеппен 358,6 мың теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15% көп.
Шығындардың ең үлкен бөлігі азық-түлікке жұмсалады — 50,5%, немесе тоқсанына 181 мың теңге. Бұл айына шамамен 60 мың теңге.
Азық-түлік шығындарының ішінде етке 17,8%, ал жарма өнімдеріне 7,5% тиесілі.
Азық-түлікке жатпайтын тауарларға орташа есеппен 70 мың теңге, яғни барлық шығынның 19,5%-ы жұмсалған. Оның ішінде киім мен аяқ киімге 20,7 мың теңге (6,3%), жиһаз бен үй шаруашылығына қажетті заттарға 14,6 мың теңге (4,5%) кеткен.
Қызмет көрсету саласына қазақстандықтар шығындарының 20,7%-ын жұмсаған. Мұнда негізгі үлесті коммуналдық төлемдер құрайды.