Бензин айына 3-4 теңгеден қымбаттап отырады

Бензин айына 3-4 теңгеден қымбаттап отырады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бензин бағасы қазір нарық қағидаттары бойынша қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, маусым айында АИ-92 бензині литріне 3–4 теңгеге қымбаттаған, әрі осындай өсім қарқыны жаздың соңына дейін сақталуы мүмкін.

— Бағаны Энергетика министрлігі де, жалпы үкімет те белгілемейді. 1 сәуірден бастап мемлекеттік реттеу алынып тасталды, — деді министр.