2025 жылғы қыркүйек айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 313 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 661 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 32 652 мәміле жасалды. 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда (41 380) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,2% азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы(8 859 – 21,4%) және Астана (8 644 – 20,9%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (3 029 – 7,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 306 мәміле (0,7%). 

2025 жылдың тамызымен салыстырғанда қыркүйекте мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+20,2%), Атырау (+12,6%) және Түркістан (+9,9%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Шымкент (-10,9%) және Алматы (-8,6%) қалаларында және Жетісу (-5,8%) облысында болды.

2025 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 4,5% өсті, ол кезде 39 543 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Астана қаласында (30,1%) байқалады, ең үлкен төмендеу – Батыс Қазақстан облысында (-31,9%). 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,2% өсім байқалады.

Бір жылда (2025 жылғы қыркүйек 2024 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйлерді сату – 12,8%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 10,3% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,9% жоғарылады.

Өңірлер кесіндісінде тұрғын үйдің алғашқы нарықтағы жылдық мәнінде баға Павлодар қаласында – 26,4%, Қызылорда қаласында – 15,3%, Шымкент қаласында 15,2% едәуір қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидерлері – Ақтөбе қаласы (18,9%), Павлодар қаласы (18,8%), Алматы қаласы (17,9%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Ақтөбе қаласы (40,7%), Көкшетау қаласы (18,7%), Астана қаласы (18,1%).

Бір айдың ішінде (2025 жылғы қыркүйек 2025 жылғы тамызға)  жаңа тұрғын үйді сату – 2,1%, пәтерлерді қайта сату 1,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2,8% қымбаттады.