2025 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы ұйым басшыларының орташа айлық жалақысы 1 млн теңге шамасында. Алайда салаға қарай басшылардың орташа табысында едәуір айырмашылық бар: әлеуметтік салаларда – шамамен 600 мың теңге, ал қаржы секторында – 2 млн теңгеге дейін. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде көрсетілген.
Өнеркәсіп
Өндіру өнеркәсібінде басшылықтың орташа жалақысы 1,9 млн теңге. Ең жоғары еңбекақы – комбинаттардың директорлары мен бас директорларында: олар 3–4 млн теңге алады.
Өңдеу өнеркәсібінде орташа жалақы сәл төмен — 1,5 млн теңге. Зауыт директорлары шамамен 2 млн теңге, ал компания президенттері 5,3 млн теңге алады.
Электр және газбен жабдықтау саласында басшылардың орташа жалақысы — 1,1 млн теңге. Басқарма төрағалары 1,6 млн теңге табады. Мысалы, су электр станцияларының бастықтары 849 мың теңге алады.
Сумен жабдықтау және қалдықтарды жою саласында бұл көрсеткіш одан да төмен — 775,8 мың теңге.
Құрылыс және көлік
Құрылыс компанияларында басшылардың орташа жалақысы 1,47 млн теңге. Бірақ жобалау және конструкторлық ұйымдардың директорларының табысы айтарлықтай жоғары — орташа есеппен 7,3 млн теңге. Құрылыс компанияларының бас директорлары 1,9 млн теңге, өндірістік бірлестік директорлары 3,2 млн теңге алады.
Көлік саласында басшылардың орташа жалақысы 1,3 млн теңге. Ең жоғары табыс өңірдегі директорларда – 3,8 млн теңге, ал инвестициялық жобалар директорлары – 2,9 млн теңге алады.
Логистика саласындағы бас директорлардың табысы 2,6 млн теңге шамасында.
Сауда және ауыл шаруашылығы
Ауыл, орман және балық шаруашылығында басшылардың орташа айлығы — 881 мың теңге. Ең жоғары жалақы — осындай кәсіпорын басшыларыеың кеңесшілерінде — 2,2 млн теңге.
Бас директорлар мен өндірістік бірлестік директорлары 1,5 млн теңге алады.
Көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ көлік жөндеу салаларында басшылардың орташа жалақысы — 1,4 млн теңге.
Сауда орталықтарының директорлары 3,9 млн теңге, қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшілері 3,5 млн теңге, ал сауда компанияларының бас директорлары 2,2 млн теңге табады.
Қызмет көрсету
Тамақтану және қонақ үй бизнесі саласындағы басшылардың орташа жалақысы — 1,5 млн теңге.
Мұндай ұйымдардың бас директорлары 3 млн теңге, қаржы директорлары 2,5 млн теңге алады.
Персоналды басқару директорларының еңбегі 2 млн теңгеге, ал даму жөніндегі директорлардың жалақысы 3,3 млн теңгеге бағаланады.
Қонақүй директорлары 949 мың теңге, мейрамхана директорлары 531 мың теңге алады.
Ақпарат және қаржы
Ақпарат және байланыс саласында басшылардың орташа жалақысы 1,47 млн теңге.
Зерттеу және әзірлеу бойынша техникалық директорлардың табысы ең жоғары — 6 млн теңге.
Кәдімгі техникалық директорлар 2,6 млн теңге, ал бас директорлар 1,8–2 млн теңге алады.
Қаржы және сақтандыру саласында басшылардың жалақысы жоғарырақ — 2,1 млн теңге.
Басқарма төрағалары 5,6 млн теңге, бас директорлар 1,9 млн теңге алады.
Қаржы-экономикалық бөлімдердің басқарушылары 4,1 млн теңге, өңірдегі директорлар 2,5 млн теңге табады.
Әлеуметтік сала
Білім беру саласында басшылардың орташа айлығы — 696 мың теңге.
Жоғары оқу орындарының ректорлары 1,4 млн теңге, мектеп директорлары 531 мың теңге алады.
Саладағы ең жоғары жалақы — коммерциялық директорларда — 2 млн теңге, ал білім беру ұйымдары басқарма төрағаларының табысы 1,8 млн теңге.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында басшылардың орташа айлығы — 607 мың теңге.
Ауруханалар мен медициналық орталықтардың бас дәрігерлері 764 мың теңге, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары 1,1 млн теңге, ал медициналық ұйымдардың басқарма төрағалары 1,97 млн теңге алады.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі басшылар 1,8 млн теңге, ал медициналық маркетинг жетекшілері 1,2 млн теңге алады.