Әлеуметтік көмектің 36 түрінің 22-сін тағайындаудың қазіргі тәртібі өзгермейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.
Мына жәрдемақылар мен өтемақылар азаматтың табыс деңгейіне қарай қай санатқа жататынына қарамастан беріле береді:
Әскери қызмет пен соғысқа байланысты төлемдер:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
соғыс кезінде жаралану, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген азаматтарға;
соғыс салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген азаматтарға;
қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне;
соғыс салдарынан мүгедектігі бар болып, қайтыс болған адамдардың жұбайларына;
Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, Даңқ және Еңбек Даңқы ордендерінің толық иегерлеріне;
тыл еңбеккерлеріне;
Ауғанстандағы соғысты қоса алғанда, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлеріне.
Еңбек жағдайына байланысты төлемдер:
№1 тізім бойынша ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істегендерге;
№2 тізім бойынша зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істегендерге;
арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.
Апаттар мен саяси қуғын-сүргінге байланысты өтемақылар:
заңды тұлға таратылған жағдайда сот шешімімен мемлекетке жүктелген өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға және радиациялық аймақтардан көшірілген азаматтарға;
Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға;
1949–1990 жылдары жоғары радиациялық тәуекел аймақтарында тұрған азаматтарға;
жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына;
саяси қуғын-сүргінге ұшыраған зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы.
Мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақылар:
I топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
III топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Байқоңыр қаласындағы жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға.