Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк 2026 жылы несие бойынша қызмет көрсететін қаржылық емес ұйымдарды реттеуді жоспарлап отыр. Ең алдымен бұл қаржылық заңнама шеңберінен тыс несие беріп жүрген финтех және телеком компанияларына қатысты, деп мәлімдеді агенттік басшысы Мадина Әбілқасымова.
«Біз финтех, телеком компаниялардың түрлі қаржылық қызметтер көрсетіп, несие бере бастағанын көріп отырмыз. Бірақ олар тұтынушылардың құқықтарын тиісінше қорғамайды, мөлшерлемелер реттелмейді. Мұны реттеу қажет», – деді ол.
Оның айтуынша, мұндай қызметтер тұтынушылар үшін тәуекелдер тудырады және банктерге қойылатын бірқатар нормативтік талап бар екеніне қарамастан, олармен тең бәсекелестік принципін бұзады.