Қазақстанда тұтынушылық несиелендіру қарқыны бәсеңдеп, нарықта «салқындау» байқалады. Алайда екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелеу көрсеткіштері де төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банктің 2025 жылғы есебіне айтылған.
Ұлттық банктің ресми деректеріне сәйкес, несие портфеліндегі жағдай мынадай:
Тұтынушылық несиелер: Бір жылда 21,1% өсіп, 16,6 трлн теңгені құрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы бұл өсім 33% болған еді.
Бизнесті несиелеу: Портфель 21,7% артып, 18,5 трлн теңгеге жетті. Бірақ тек банктердің (ЕДБ) үлесіне тоқталсақ, өсім қарқыны 20%-дан 18,4%-ға дейін төмендеген.
Ипотека: Бір жыл ішінде 15% артып, 6,9 трлн теңгені құрады.
2023 жылдың наурызынан бастап Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі халықтың «шамадан тыс қарызға батуымен» күресіп келеді. Президент Жарлығына сәйкес, банктерге тұтынушылық несие беруді шектеп, ақшаны нақты экономика секторына бағыттау міндеттелген. Алайда экономиканы несиелеу қарқынын арттыруға бірнеше фактор кедергі болып отыр:
- Жоғары базалық мөлшерлеме: Несиенің қымбат болуы кәсіпкерлерге қолбайлау.
- Мемлекеттің араласуы: Түрлі жеңілдетілген несие бағдарламалары нарықтық тетіктерді бұзады.
- Орта және шағын бизнестің әлсіздігі: Елімізде несие алуға қауқарлы, тұрақты жұмыс істейтін нысандар аз.
Түйін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша, мемлекет тұтынушылық несиенің қарқынын 33%-дан 21%-ға дейін түсіре алды. Бірақ банктердің бизнеске несие беруге деген құлшынысы әлі де төмен болып қалып отыр.