ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сүйенсек, Қазақстан банктері 2025 жылдың 11 айында 2,5 трлн теңге таза пайда тапқан. Бұл көрсеткіш бүкіл 2024 жылдың қорытындысынан (2,55 трлн теңге) небәрі 1,9% немесе 48,4 млрд теңгеге ғана аз.

Жыл басынан бері банк секторы ай сайын орта есеппен 228 млрд теңге табыс тауып отырған. Ең жоғары таза пайда шілде айында тіркелді (262 млрд теңге), ал ең төменгі көрсеткіш қыркүйек айында болды (186,1 млрд теңге).

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктер таза пайда жағынан былтырғы рекордты бұзады деуге болады. Ол үшін желтоқсан айында ең төменгі айлық табыстың небәрі 26%-ын тапса да жеткілікті.