Алматыда «Миссис Қазақстан» ұлттық байқауының финалы өтті. Биыл бұл байқауға еліміз бойынша 600 әйел қатысып, 20-сы финалға жолдама алған.
Сандуғаш Сұлтан KMF Банк қызметкері және сол банктің амбассадоры, көпбалалы ана. Ол бұл байқауда «Миссис Қазақстан Еуропа» титулын жеңіп алды, енді ол ел намысын биыл күзде Еуропа төрінде қорғайды.
«Мен кәсіби журналистпін. Он жылдан аса редакцияда жұмыс істеп, банкке ауысатын кезде барлық әріптесім таңғалды. Мен KMF-ті әйелдерді қолдауға бағытталған бағдарлама, өнімдері үшін бірден ұнаттым. Журналистикада жүргенде әйелдерді қорғау мен дамытуға арналған жобаларым болды», - дейді ол.

Айтуынша, банк елдегі шағын кәсіпкерлікті, әйелдер кәсіпкерлігін ғана емес өз қызметкерлерін де барынша қолдайды.
«Компания клиенттерінің басым бөлігі – әйелдер. Жыл сайын «KMF Іскер ханымы» байқауы өткізіліп, сондай-ақ клиенттерге қамқорлық көрсетуге бағытталған қаржылық емес сервистер енгізілуде. Біздің банкте қызметкерлердің жұмыс барысында ғана емес, өмірде де дамуға, өз әлеуетін ашуға деген ұмтылысы қолдау табады. Мен әрдайым әріптестерім мен басшылық тарапынан қолдауды сезіндім, бұл мен үшін өте құнды. Сенің жетістіктерің еленген кезде, алға ұмтылуға, жаңа мақсаттар қоюға және жаңа бағыттарда өзіңді сынап көруге қосымша мотивация пайда болады. Дәл осындай орта өсуге және армандарыңа сенімді қадаммен жетуге көмектеседі», - дейді Сандуғаш.
Айтуынша, негізгі жұмысынан бөлек іс-шара, тікелей эфирлерді жүргізеді, балаларымен бірге бағдарлама, кино эпизодтарына және жарнамаларға түседі.
«Ән айтамын, өлең, әнге сөз жазамын, спортпен айналысамын. Мұның барлығына қалай үлгересің деп сұрайтындар көп. Менің ойымша, әр ана бала саны көбейген сайын дамуын үдете түсуі керек. Себебі бала ата-ананың сөзімен емес, ісіне қарап өседі. Өмірге ғашық, алдымен өзін таңдайтын, жаны мен тәні сау анадан сау ұрпақ туады. Сау ұрпақ мықты қоғамды, ал ондай қоғам мықты мемлекетті құрады деп есептеймін», - дейді ол.