Бәйтерек ҰБХ АҚ еншілес ұйымы Qazaqstan Investment Corporation АҚ және Qazaqstan Venture Group Ltd. басқарушы компаниясы Alem Ventures Fund Limited Partnership венчурлық қорлар қоры шеңберіндегі ынтымақтастық туралы жариялады.

​Қорлар қорының мақсатты мөлшері 1 млрд долларды құрайды. QIC қорға 30 млн доллар салады деп күтіледі. Қаражат Қазақстанның, Орталық Азияның, Кавказдың IT-секторларындағы және басқа да перспективалы жаһандық нарықтардағы жобаларды қолдауға бағытталатын болады.

QIC-тің Қорлар қорына әлеуетті қатысуы Қазақстанның венчурлік нарығын одан әрі дамыту және оның әлемдік аренадағы позициясын нығайту үшін маңызды қадам болады.

Ынтымақтастық  жаһандық қорлардың назарын перспективті өңірлік стартаптарға тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды масштабтауға және одан кейінгі табысты түсімдерге ықпал ететін болады.

​Alem Ventures Fund Limited Partnership венчурлық қорлар қорын құру Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде қолдау тапты.

​Осылайша, Қорлар қоры жаһандық қорлардың инвестицияларын қоса алғанда, жеке венчурлық капиталды тартудың катализаторы болуға арналған және ұлттық технологиялық экожүйені қалыптастыру мен дамытуда шешуші рөл атқарады.