Қазақстандықтар ұзақ күтусіз, жедел әрі қолжетімді шешімдерді таңдайды. Бүгінде ең көп сұранысқа ие қаржылық құралдардың бірі – автокөлік кепілдігімен берілетін микронесие. Бұл қажетті соманы тиімді шарттармен жедел алуға мүмкіндік береді және автокөлікті пайдалану құқығы да сақталады.

Танымалдылығы бірнеше факторға байланысты

● Автокөлік кепілдігі неғұрлым қомақты қарыз сомасын алуға мүмкіндік береді, бұл несиелеудің бұл түрін ірі қаржылық міндеттерді шешу және даму мен масштабтауды қоса алғанда, белгіленген бизнес-стратегияларды жүзеге асыру үшін тартымды етеді.

● Кепілдің болуы несие берушілерге мұндай қарыздарды тәуекел деңгейі төмен деп санауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде пайыздық мөлшерлемелердің кепілсіз несиелерге қарағанда төмен болуына және мақұлданған өтінімдер санының артуына әкеледі.

● Икемді өтеу шарттары несиелеу мерзімінің ұзағырақ болуымен байланысты. Бұл өз кезегінде ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға мүмкіндік беріп, қарыз алушы үшін өтеу процесін ыңғайлырақ етеді.

● Автокөлікті пайдалануды жалғастыру мүмкіндігі – бизнесі автокөлікпен тікелей байланысты қарыз алушылар үшін маңызды себептердің бірі.

● Автокөлік кепілдігімен несие ресімдеу рәсімі едәуір жеңіл және жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға қарағанда аз уақытты алады.

● Банктер мен МҚҰ автокөлік кепілдігімен берілетін несиелерді белсенді түрде ілгерілетуде, бұл да осы қаржылық құралдың танымалдығының артуына ықпал етуде.

«Автокөлік кепілдігімен берілетін несиеге қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Біз жыл сайын өтінім санының ондаған пайыз өсуін тіркеп отырмыз, бұл жедел әрі икемді қаржылық шешімдерге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Мәселен, 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы кепілмен берілетін тұтынушылық несиелеу қорытындылары бойынша 50 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өтінімдер санының 34,4% артқанын білдіреді. Алайда атап өтерлігі, Қазақстанда тұтынушылық несиелерді жылжымайтын мүлік кепілдігімен екінші деңгейлі 22 банктің тек 9-ы ғана ұсынады. Ал автонесиелеу бойынша жағдай айтарлықтай ерекшеленбейді. Оның үстіне, банктен кепілмен несие алу үшін мінсіз несие тарихынан бөлек, белгілі бір құжаттар пакеті қажет, ал оларды жинауға әрдайым уақыт табыла бермейді. Осындай жағдайда мен микрокаржылық ұйымдар (МҚҰ) арқылы кепілмен несиелеу қызметтерін пайдалануға кеңес берер едім», – деп пікір білдірді CreditBar МҚҰ операциялық директоры Ерқанат Қажғалиев.

Автокепіл дегеніміз не?

Автокепіл – бұл кепілгерсіз, кіріс туралы анықтамасыз және артық қағазбастылықсыз берілетін жедел несие. Ол үшін автокөлік құжаттарын ұсыну, автокөлікті бағалату және қаражат алу жеткілікті. Ең бастысы – автокөлік қарыз алушының иелігінде қалады. Бұл, әсіресе, автокөлікті жұмыс мақсатында пайдаланатындар үшін өте маңызды.

Автокөлік кепілдігімен микронесие алу үшін бірнеше негізгі шартты орындау қажет. Мысалы, CreditBar Auto Auto компаниясында мұндай несие алу үшін азаматтың жасы 18-ден асқан және 65-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ оның атына тіркелген жеке автокөлігі болуы керек, бұл техпаспорт арқылы расталады. Автокөлік Қазақстанда тіркелген, 2005 жылдан кейін шығарылған, техникалық тұрғыдан жарамды және тыйым салуда немесе басқа кепілдікте болмауы тиіс.

Рәсімдеу алгоритмі

МҚҰ-да көлік құралының кепілдігімен несие алу рәсімі қарапайым әрі клиенттің қажеттіліктеріне бейімделген:

● Алдымен CreditBar Auto компаниясының сайтына кіріп, онлайн-өтінімді толтыру жеткілікті. Осыдан кейін сізбен менеджер байланысады – ол қарыз алу шарттарын толық түсіндіріп, құжаттарды рәсімдеу үшін қай бөлімшеге бару тиімді екенін айтады.

● Маңызды кезеңдердің бірі — автокөлікті бағалау. Оның техникалық жай-күйіне байланысты CreditBar Auto компаниясы көлік құралының нарықтық құнының 80%-ына дейін қаржыландыруға дайын.

● Автонесиені ресімдеу үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің түпнұсқасы мен автокөліктің техникалық паспорты қажет. Заманауи цифрлық скоринг жүйелерінің арқасында өтінім бойынша шешім 15 минут ішінде қабылданады.

● Өтінім мақұлданғаннан кейін клиент несиелік және кепілдік шарттарға қол қояды, сондай-ақ автокөлікті кепілге қою рәсімі тиісті мемлекеттік органда тіркеледі. Бұл процесс компания мамандарының көмегімен жүзеге асырылады және өте аз уақыт алады.

● Ең жағымдысы — қаражат клиенттің банк шотына бір жұмыс күні ішінде, кей жағдайда барлық рәсім аяқталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде-ақ түседі.

CreditBar Auto компаниясында автокөлік кепілдігімен берілетін несие сомасы 200 000 теңгеден 7 миллион теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Ал мерзімі – 60 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемелер – айына 3,17%-ға дейін, жасырын комиссияларсыз (ЖТСМ 46%-ға дейін) ұсынылады. Сонымен қатар несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл салынбайды, ал күрделі жағдайларда, әдетте күтпеген жерден туындайтын қиындықтарда, қайта қаржыландыру мүмкіндігі қосымша артықшылық бола алады.

CreditBar Auto онлайн өтінімдерді онлайн рәсімдеуге және шешімдерді жедел алуға мүмкіндік беретін жеке цифрлық платформаны пайдаланады. Деректердің қауіпсіздігі алаяқтыққа қарсы құралдар мен жеке ақпаратты қорғау жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етіледі. Компанияның қызметі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілеген заң шеңберінде жүзеге асырылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша, жақын болашақта автокөлік кепілдігімен берілетін несиелерге өтінімдердің саны күрт артады. Бұл жағдай нарықтың кеңеюімен қатар, қаржы ұйымдарының ұсынатын тиімді шарттарға да байланысты.

«Автокөлік кепілімен берілетін несиелер – Қазақстанда сұранысқа ие қаржылық құралдардың бірі. Ол қаражатты жедел әрі салыстырмалы түрде қолжетімді түрде алуға мүмкіндік береді. Мұндай шешімді тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар көлік құралына қолжетімділіктің сақталуы, шарттардың алдын ала болжамдылығы мен рәсімдеудің жылдамдығы маңызды болып табылатын шағын кәсіпкерлер де таңдайды. Енді CreditBar Auto арқылы автонесие алу Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан және Талдықорғанда да қолжетімді», – деп атап өтті CreditBar МҚҰ операциялық директоры Ерқанат Қажғалиев.