2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанға келген жеңіл автокөлік импорты 59% артты. Елге барлығы 134,3 мыңнан астам жаңа және қолданыста болған «жеңіл көлік» кіргізілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай көп, деп жазды Finratings.kz.
Негізгі жеткізуші – Қытай
Статистика бюросының дерегінше, импорттың басым бөлігі Қытайға тиесілі. Жеті айда көрші елден 94,6 мың автокөлік әкелінді. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 2,5 есе көп (+247,5%).
Ал АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореядан әкелінген көлік азайды: АҚШ – 12,9 мың (-29,3%); Жапония – 10,3 мың (-11,2%); Корея – 6,4 мың (-23,9%).
Керісінше, Ресейден келген көліктердің саны 217,9% артып, 5,9 мыңға жетті. Еуропадағы Германия, Словакия, Ұлыбританиядан импорт та өсті.
Айта кетерлігі, Өзбекстаннан бар болғаны үш автомобиль жеткізілген. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда үш көлікке артық.
Экспорт көлемі
Қазақстаннан сыртқа 683 жеңіл көлік жөнелтілді. Оның ішінде Қырғызстанға – 240, Беларуське – 104, Қытайға – 100 автокөлік кетті.