Қазақстандағы автобус тасымалы саласының табысы 2025 жылдың басынан қыркүйек айына дейін 219 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,6% көп, деп көрсетілген статистика деректерінде.

Автобуспен жолаушы тасымалдаудан түскен табыс деректері кейбір шамада бұрмалануы мүмкін, себебі есепке жеке кәсіпкерлердің де табысы енгізілген, олардың ішінде қалааралық коммерциялық тасымалмен айналысатындар бар. Дегенмен табыстың негізгі бөлігін қалалық қоғамдық көлікпен айналысатын тасымалдаушылар құрап отыр.

Тек қыркүйек айында автобус тасымалынан түскен табыс 26,8 млрд теңгені құрап, жылдық есеппен 51% артқан.

Қалалық электр көлігі бойынша көрсеткіш әлдеқайда төмен: трамвайлармен тасымалдау – 1,4 млрд теңге (+9% жылдық өсім), троллейбустармен тасымалдау табысы – 1,9 млрд теңге (–6,2% төмендеген). Сонымен бірге жеке тасымалдаушылардың табысы мемлекеттік кәсіпорындардан бірнеше есе жоғары болған: жекеменшік компаниялар – 190,3 млрд теңге (+54,5%), мемлекеттік компаниялар – 26,3 млрд теңге (+47,5%).

Айта кетсек, табыс көлемі бойынша автобус тасымалы елдегі әуе көлігінен кейінгі екінші орында тұр. Әуе көлігінің табысы тоғыз айда 688,6 млрд теңге, теміржол көлігімен жолаушы тасымалдау – 109 млрд теңге болды. Бұл автобустардан екі есе аз

Жыл басынан бері автобустармен 1,2 млрд жолаушы тасымалданған. Жалпы жолаушы айналымы километріне 28,9 млрд жолаушыны құрады (яғни тасымалданған жолаушылар саны мен олардың жүріп өткен қашықтығының көбейтіндісі).