Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары аясында John Deere компаниясымен жалпы құны 2,5 млрд доллар болатын стратегиялық әріптестік туралы келісімдерге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, «АгромашХолдинг KZ» АҚ 5 жыл ішінде кемінде 3 мың John Deere ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көзделген, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі .
Бұдан бөлек, келісім аясында кемінде үш сервистік орталық құру, сондай-ақ оқыту жүйесін дамыту жоспарланып отыр.
Қазақстан президенті John Deere компаниясының агроөнеркәсіп кешеніне арналған техниканы қазақстандық «Агромаш» зауытымен әріптестікте жергіліктендіру туралы шешімін қолдады. Бұл ынтымақтастық қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелер берді: биылғы мамыр айында өндіріс іске қосылған сәттен бері 290-нан астам техника құрастырылды. Жыл соңына дейін тағы 100 техника шығарылады деп жоспарланып отыр.