Күз басталысымен ата-аналар мен оқушылар мұғалімдерді белсендірек іздей бастайды, ал жаңа оқу жылының басталуымен қосымша сабақтар нарығы да айтарлықтай жанданады. OLX Қазақстанның талдау қызметі репетиторлық қызметтер туралы хабарландырулар санын зерттеп, платформада қай мектеп пәндері бойынша ұсыныс көп екенін және тамыз бен қыркүйек айларында ұсыныс қалай өзгеретінін анықтады.
Ағылшын тілі – сұраныс өсімі бойынша көшбасшы
Ағылшын тілі репетиторларына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 35% артты. Бұл – зерттелген барлық бағыттың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Ағылшын тілі әлдеқашан қарапайым мектеп пәнінің аясынан шыққан: репетитормен оқушылар бағасын жақсартып қана қоймай, емтихандарға дайындалады, сөйлеу дағдыларын дамытады және бүкіл оқу жылы бойы тіл үйренеді.
Қазақ тіліне қызығушылық артып келеді
Қазақ тілі сабақтарына сұраныс 29% өсті. Бұл бағыт өсім қарқыны бойынша екінші орында тұр: ата-аналар баласының сабақта өзін сенімді сезінуі үшін қосымша қолдауды жиі іздей бастады.
Математика: +26%
Математика репетиторлық қызметтер нарығындағы негізгі бағыттардың бірі болып қала береді және оған деген қызығушылық артып келеді: сұраныс 26% өсті. Пән бойынша қосымша сабақтардың қажеттілігі көбіне оқу жылы барысында, бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары мен алғашқы бағалар пайда болған кезде айқын сезіле бастайды.
Бастауыш сынып пен ҰБТ-ға сұраныс оқу жылы басталғанда артады
Бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақтарға сұраныс 24% өсті. Ата-аналар баласының мектептегі оқу жүктемесіне алдын ала бейімделуіне көмектесіп, білімінің берік негізін қалыптастыруға тырысады.
ҰБТ-ға дайындыққа қызығушылық та 24% артты. Түлектер мен олардың ата-аналары дайындықты емтихан алдындағы соңғы айларға қалдырмай, тестілеуге ертерек қамдана бастады.
Орыс тілі: тұрақты сұраныс
Орыс тілі репетиторларына сұраныс 16% өсті. Бұл – зерттелген бағыттар арасындағы ең төмен өсім болғанымен, пәнге деген қызығушылық тұрақты деңгейде қалып отыр.