2025 жылдың үшінші тоқсанында Астанада дүңгіршек жалдау бағасы бір жыл ішінде 21% өсті. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырылғанда анықталды. Ал Алматыда баға өзгерген жоқ, ал ел бойынша өсім 18,1% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысты деректерінде көрсетілген.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау бағасы тұрғын үй нарығындағыдай жоғары қарқынмен өспей отыр. Ел бойынша жалпы коммерциялық жалдау бағасы 4% ғана артқан, ал инфляция деңгейі 12,9% болған. Сол кезеңде тұрғын үйді жалдау бағасы 9,9%-ға қымбаттаған (2025 жылдың қыркүйегі 2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда).

Коммерциялық жалдау бағасы бойынша ерекше өсім фитнес-клубтар мен жаттығу залдары сегментінде байқалды — Астанада олардың бағасы бір жыл ішінде 11,8% өскен. Ал Алматы мен Шымкентте бұл бағытта баға динамикасы тіркелмеген.

Қазақстан бойынша баға өсімі келесі коммерциялық нысандарда байқалды: әкімшілік және кеңсе ғимараттары – 5,1%; сауда орындары – 4,3%; дүкендер – 2,9%; сауда үйлеріндегі бутиктер – 1,7%; дәріханалар – 5,4%; қоғамдық тамақтану орындары – 3%; мейрамханалар – 6,3%; кафелер – 0,6%; асханалар – 0,8%; тұрмыстық қызмет көрсету нүктелері – 5,5%; химиялық тазалау орындары – 0,9%; фотосалондар – 2,4%; шаштараздар мен сұлулық салондары – 3,2%; қоймалар – 2,4%; өндірістік орын-жайлар – 2,1%; өнеркәсіптік базалар – 1%; өндірістік цехтар – 2,9%; көлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету станциялары – 2%; көлік жуу бекеттері – 2,1%; паркингтер – 0,7%.

Ұлттық статистика бюросы түсіндіргендей, баға индексі — белгілі бір уақыт кезеңінде баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісін көрсететін көрсеткіш. Баға өзгерісін бақылау әртүрлі меншік нысанындағы базалық кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі.