Астанада 7 қазанда 562 несиелік пәтерді сатуға өтінім қабылдау басталды. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 332 916 теңге болады. Бұл елордадағы орташа нарықтық бағадан (734,5 мың теңге) екі еседен артық төмен.
Пәтерлер таза әрлеумен (жөнделген) беріледі. Бағдарлама 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр.
Өтінім қабылдау: 7–19 қазан
Үміткерлерді іріктеу: 21 қазан
Өтінім беру: Baspana Market порталындағы жеке кабинет арқылы
Пәтерлер А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Бес қабатты үйлерде лифт жоқ.
Пәтерлер саны:
166 — бір бөлмелі;
276 — екі бөлмелі;
80 — үш бөлмелі;
40 — төрт бөлмелі.
Бағдарлама қатысушылары тұрғын үйді 5% жылдық мөлшерлемемен рәсімдей алады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2–5,8% аралығында. Бастапқы жарна — кемінде 10%.