Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов «Hyundai Trans Auto» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорында Hyundai, Golden Dragon, Foton және BYD маркаларындағы коммерциялық, жолаушылар және арнайы техникалар құрастырылады.

Кездесуге «Астана Моторс» компаниялар тобының бас директоры Бекнұр Несіпбаев және «Hyundai Trans Auto» ЖШС директоры Әділбек Ғаев қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы — беларусьтік техниканы құрастыру өндірісін ұйымдастырудың мүмкін нұсқаларын талқылау болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың оңтайлы бағыттарын бірлесіп пысықтау жөнінде келісімге келді.