Astana Hub инвестор болуды үйретеді

Курс бағдарламасы технологиялық компанияларды бағалау және инвестициялау әдістемесі туралы тұтас идеяны қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар үшін басты шарт — меншікті капиталдың болуы және венчурлық қаржыландыру саласында жаңа білімге ұмтылу, инвестиция салуды бастау ниеті. Курсқа капиталы бар ірі бизнес иелері, инвестициялық мәмілелерде тәжірибесі жоқ; бизнес-періштелер, корпоративтік сектордың топ-менеджерлері, табысты кәсіпкерлер қатыса алады. Бағдарламаның екі ағынының қорытындысы бойынша инвестор мектебінде 81 инвестор мен бизнес-періштелер оқытылды. Investors School-ға қатысу үшін барлығы 580-ден астам өтінім қабылданды. Investors School-ға қатысу үшін өтінім берудің ақырғы мерзімі: 3 ағында қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі: 9 қазан. 4 ағында қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі: 5 қараша. Investors School-ға тіркелу Онлайн-инвесторлар мектебінің түлектері оқу қорытындысы бойынша осы жылдың 13 қарашасында ZOOM онлайн платформасында өтетін Astana Hub-тан эксклюзивті Invest Day-ға шақыру алады. Invest Day - бұл инвестициялық тартымды стартаптар мен технологиялық жобаларға қаражат салуға дайын венчурлық инвесторлар үшін бизнес-платформа. Стартаптарға қойылатын негізгі талаптар - технологиялық шешімнің, жұмыс өнімі мен клиенттердің болуы. Стартап саласында шектеулер жоқ. Қазақстанның экожүйесінің үздік он стартабы әлеуетті инвесторлар мен бизнес-періштелер алдында жобаның презендациясын жасайды. Іс-шараға қатысу сіздің жобаңыз үшін инвестор табуға мүмкіндік береді. Invest Day шарасына қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі - 1 қараша. Invest Day шарасына тіркелу: https://investschool.astanahub.com/investday