Астана биржасында қазақстандық екі банктің акциясы өсті

Astana International Exchange 2021 жылдың 1-31 тамыз аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 12 095 605,8 АҚШ долларын құрады (5 143 769 330,78 тенге), деп хабарлайды баспасөз қызметі. AIXQI индексі тамызда  4,07% өсіммен 1,034,42 тармақпен аяқталды. Индекстегі 8 компанияның 6-ы айдың соңында өсті. Олардың ішінде ЦентрКредит Банкінің акциясы 14,74%-ға, Халық Банкінің акциясы 13,25%-ға және Қазақтелекомның акциясы 12,75%-ға өсті. Ал KazTransOil мен Polymetal акциялары тиісінше 5,73% және 7,89% арзандады.