Әрекеттен ниетке дейін: Freedom болашақтың AI-банкингін қалай қалыптастырып жатыр?

Әрекеттен ниетке дейін: Freedom болашақтың AI-банкингін қалай қалыптастырып жатыр?

Осы күндері Астанада инновациялық компаниялар, фаундерлер мен халықаралық инвесторлардың басын қосатын ең ауқымды іс-шаралардың бірі — AI&Digital Bridge 2026 форумы өтіп жатыр.

Дәстүр бойынша Freedom форумның «Алтын серіктесі» ретінде қатысып, көрме аймағында брендтелген стендін таныстырды. Freedom Holding Corp. және Freedom Bank топ-менеджменті бірнеше панельдік сессияға қатысты.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов «Жасанды интеллект негізіндегі жаңа экономика» сессиясында сөз сөйледі. Онда технология және бизнес көшбасшылары жасанды интеллекттің жаһандық экономиканы қалай өзгертетіні және бұл үшін қандай инфрақұрылым қажет екені туралы пікір алмасты.

Жасанды интеллектіні енгізу жоспарлары туралы айта келе, Турлов Freedom-ның қазіргі кездегі басты міндеті — ЖИ-ді тікелей Freedom SuperApp-қа енгізу екенін атап өтті. Пайдаланушылар үшін ең маңызды жаңалықтардың бірі жекелендірілген ЖИ-ассистент болады: клиент өзіне үйреншікті тілде сұранысын қалыптастырса жеткілікті, ал агент платформадағы сервистердің арасынан қажетті құралдарды өзі таңдап береді.

«Клиент ассистентке: «Мен басқа елге барғым келеді, маған қонақүй, бронь және виза қажет — осының бәрін ұйымдастыруға көмектес», — деп айта алады, ал агент мұның бәрін өзі жүзеге асырады. Бұл міндет біз ойлағаннан да күрделірек болып шықты: базалық агентті бір күнде құрастыруға болады, ал оны мінсіз деңгейге жеткізуге жылдар қажет. Өнімнің алғашқы кезеңін биыл іске қосамыз деп жоспарлап отырмын», — деп атап өтті Турлов.

Модератордың қаржы секторында ЖИ-ді ауқымды түрде енгізу үшін инфрақұрылымның қаншалықты дайын екені туралы нақтылаған сұрағына Турлов Freedom бірнеше жылдан бері байланыстылыққа жүйелі түрде инвестиция салып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте компания тек пайдаланушы ретінде ғана емес, инфрақұрылымды қалыптастырушы ретінде де әрекет етеді.

«Жалпы, Қазақстандағы белсенділік деңгейі жоғары, біз елдегі байланыстылықты одан әрі дамытып жатырмыз. Осы себепті бірнеше жыл бұрын телекоммуникация саласына келдік. Бүгінде біз Қазақстандағы дата орталықтарын дамыту бойынша ең ірі компанияға айналып келеміз. Ал кезекті ірі жобамыз — Nvidia және Citibank секілді серіктестермен бірлесіп жүзеге асырып жатқан егемен ЖИ-суперкластер», — деді Турлов.

Freedom Holding Corp. компаниясының Chief Banking Officer-ы, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов «Банк жүйесінің болашағы: AI, платформалар және жаңа қаржылық инфрақұрылым» сессиясында сөз сөйледі. Сессия барысында ЖИ-дің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, клиенттермен жұмыс істеудегі және қаржы секторын трансформациялаудағы рөлі талқыланды. Ол банктің процестерді AI арқылы автоматтандырудан AI-банкингке көшуі туралы айтып берді. Бұл модельде клиентке өз ниетін білдіру жеткілікті, ал қажетті процестерді іске қосу мен өнімдерді жекелендіруді AI өз мойнына алады.

Оның айтуынша, ЖИ банк құрылған сәттен бастап стратегиялық инфрақұрылымдық деңгей ретінде қолданылып келеді. Freedom жаңа өнімсіз бірде-бір Digital Bridge форумын өткізіп алған жоқ: цифрлық ипотекадан бастап, Freedom Business қосымшасындағы 140-тан астам операцияны орындайтын дауыстық AI-ассистентке дейінгі шешімдер іске қосылды. Жұмағұлов сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігімен (ҚМА) бірлесіп жүзеге асырылған AI-Compliance жобасын жеке атап өтті. Оның аясында күмәнді транзакциялар анықталып, заңсыз крипто-трафикті, қаржы пирамидаларын және дропперлік схемаларды әшкерелеуге көмектесті.

«Біз әрекеттен ниетке көшуге ұмтыламыз — клиенттің бейінін толық бағалап, соның негізінде оған барынша жекелендірілген өнімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін процесті қалыптастырғымыз келеді. Мысалы, клиентке «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека рәсімдеу мүмкіндігі қолжетімді болса, оған өзінің ниетін — «Мен ипотека алғым келеді» деп айтуы жеткілікті, ал AI-агенттер сақтандыруды қоса алғанда, барлық процесті өздері жүзеге асырады. Егер банк клиенттің Шымбұлаққа билет сатып алғанын көрсе, AI-агент сол күнге оны жарақаттан сақтандыруды өзі ұсынуы тиіс. Біз үшін AI — жаңа инфрақұрылымдық деңгей әрі біз ұстанып отырған стратегияның бір бөлігі», — дейді Жұмағұлов.

Freedom экожүйелік моделін басқа нарықтарға қаншалықты оңай масштабтауға болатыны туралы сұраққа Жұмағұлов халықаралық экспансияның оңай жол емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл Freedom-ның нарықтарға бәсекелес банк ретінде емес, елдің ерекшеліктеріне бейімдеуге болатын цифрлық платформа ретінде шығуының арқасында мүмкін болып отыр. Мысал ретінде ол Freedom Turkish Bank-ті сатып алған Түркияны, қазақстандық ETN-кешбэкке қызығушылық танытқан Грузияны және банк автоматтандырылған ипотеканы енгізіп жатқан Тәжікстанды атап өтті. Ол бұл экспансия барысында қазақстандық банктердің негізгі бәсекелестік артықшылығы технологияның өзі емес, суперапптарды құру бойынша жинақталған тәжірибе екенін атап өтті.

«Экспансия — оңай жол емес. Алайда қолыңда цифрлық платформа болса, оны кез келген нарыққа шығарып, сол елдің реттеушілік талаптарына, менталитетіне және өнім ерекшеліктеріне бейімдеуге болады. Біз банкінің мобильді қосымшасы ретінде емес, цифрлық платформа ретінде бәсекелесеміз. Кез келген ел мен кез келген банк суперапп туралы армандайды, тек мұны бәрі бірдей мойындай бермейді. Біздің басты артықшылығымыз — тәжірибе: қазақстандық банктер суперапптар құруды үйренді», — деп атап өтті Жұмағұлов.

2026–2030 жылдар аралығындағы кезең туралы айта келе, Жұмағұлов банкинг, инвестициялар және төлемдер саласындағы басты өзгеріс жеке AI-агенттердің жаппай пайда болуы болатынын атап өтті. Банктер тек өздерінің AI-жүйелерімен ғана емес, сонымен қатар клиенттердің сыртқы AI-агенттерімен де өзара әрекеттесуді үйренуі қажет болады. Бұл агенттер банк таңдауын өздері жасайтындықтан, бәсекелестік мобильді банкингтен осындай агенттер үшін ең тиімді жағдайлар ұсыну бәсекесіне ауысады.

«Бір жылдан кейін немесе бес жылдан соң бәріміздің де өз AI-агенттеріміз болады. Ал банктерге тек ішкі AI-агенттермен ғана емес, белгілі бір банкті өздері таңдайтын сыртқы агенттермен де жұмыс істеуді үйренуге тура келеді. Дәл осы өзгеріс ең ауқымды бетбұрыс болады — цифрлық мобильді банкингтен AI-агенттері бар AI-банкингке көшу», — деп атап өтті Жұмағұлов.

Фото авторы: Дмитрий Доценко