АҚШ–Иран келіссөзінен кейін мұнай бағасы 100 доллардан төмендеді

АҚШ–Иран келіссөзінен кейін мұнай бағасы 100 доллардан төмендеді

Бүгін Астана уақытымен 15:45-те мұнай бағасы 108,12 доллардан 16:00-де 97,12 долларға бір-ақ құлдырады, алайда, артынша 16:30-да 99,78 долларға сәл қымбаттады.

Оған себеп — дүйсенбі күні президент Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен жақсы әрі нәтижелі келіссөздер жүргізгенін айтып, Ирандағы электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымға жасалуы мүмкін әскери соққыларды бес күнге кейінге қалдыру туралы бұйрық беретінін мәлімдеді.

Трамптың бұл шешімі Иранның АҚШ оның энергетикалық желісіне соққы жасаса, Израильдің электр станцияларына және Парсы шығанағындағы АҚШ базаларын электрмен қамтамасыз ететін нысандарға шабуыл жасайтыны туралы ескертуінен кейін қабылданды.