Halyk бастаған банктер мен шикізаттық емес ұлттық компаниялардың қымбаттауы KASE-ні әжептеуір өсіріп, кеше жеткен 7 мың пунктен асырып бекітті. 

ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіптің құлдырауы нарықты төмендете алмады. 

ҚазМұнайГаздың арзандауына мұнай бағасының төмендеуінен әсер еткені белгілі. 

Күміс құны бүгін құлдырағанына қарамастан аптаны айтарлықтай өсіммен аяқтады. 

Алтын құны да аптаны оң көрсеткішпен түйіндеп отыр.