Осы аптада Қазақстан қор биржасын Қазатомөнеркәсіп алып шықты деуге болады. Апта ішінде уран нарығындағы жағымды жаңалықтар компания акциясын алға сүйреді. Атап айтқанда жаһандық сұраныс артады деген болжам аясында компания өндіріске инвестицияны көбейтетінін мәлімдеп, оған қоса уран нарығына мемлекет бақылауы күшейеді деген жаңалық та квазимемлекеттік монополиске майдай жақты, нәтижесі міне, акциясы 10%-дан артық өсті. 

Одан бөлек ҚазТрансОйл, KEGOC, Kcell де аптаны жаман жапқан жоқ. Мұнай сәл арзандап, бұл ҚазМұнайГаз акциясын да төмен тартты.

Ал банктердің бірі өссе, бір түсті, бірі өзгеріссіз қалды деуге болады.

Күміс әдеттегідей қарқынды өсіп келеді, алтын бәсеңдеп қалды.