Нарық апта қорытындысын ұсынады. 

Бұл аптада KASE төмендеді. Айтарлықтай қымбаттаған Қазатомөнеркәсіп пен аздап өскен ҚазМұнайГаз басқалардың минусын жаба алмады. Әсіресе Kaspi, Air Astana, KEGOC қатты құлдырап кетті.  

Апта бойы жақсы өсіп, 90 доллардан асып кеткен күміс бүгін айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, аптаны үлкен өсіммен тәмамдап отыр. Алтын мен мұнай да жақсы келе жатыр.