28 қазан, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, алтынның фьючерстік бағасы 3 919,59 доллар болып тұр. Яғни тәуліктік төмендеу -2,49% немесе -100,11 долларды құрады.

Ал соңғы бір аптада баға -4,81% төмендесе, бір айда 3,31%, 6 айда 17,6% қымбаттаған.

Бұл кейінгі апталардағы айтарлықтай үлкен құлдыраулардың бірі. Баға 4 000 доллар межесінен төмен түсті. Бұған доллардың күшеюі мен облигациялар табыстылығының артуы әсер еткен.

Айта кетсек, 15 қазан күні алтын фьючерстерінің бағасы 4 223,36 долларды құрады. Тәуліктік өсім — 1,44% (+59,96). Баға бір айда 13,4%, ал соңғы алты айда 30% өсім көрсетті.