Алтын бағасы 5,3 мың доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті

Алтын бағасы 5,3 мың доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті

Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны тарихи деңгейге жетті. Алтын бағасы алғаш рет 5,3 мың долларлық межеден асты. 

Investing.com мәліметінше, алтын бағасы бір айдың ішінде ғана 17,2% өскен. Бұл — соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. 

Алтын унциясына 5 300 доллардан асты. Ал күміс бағасы бір сәтте 112,3 долларға жетті. Небәрі бір айдың ішінде бұл металл 60%-ға жуық қымбаттаған.