Дүйсенбі күні алтынның споттық бағасы тарихта алғаш рет унциясына 5 мың доллардан жоғары көтерілді. Астана уақытымен сағат 15:00-де баға 1,8% өсіп, 5078,54 долларды құрады. Сауда-саттық барысында көрсеткіш тіпті 5093,05 долларға дейін жетті.
Күміс бағасы да рекорд жаңартты. Астана уақытымен 11:01-де оның құны 4,3% артып, шамамен 107,64 доллар болды. Сауда кезінде күміс бағасы тарихи максимум — 109,46 долларға дейін көтеріліп, кейін сәл төмендеді.
Айта кетсек, өткен аптада күміс пен алтын психологиялық межеге тиісінше 100 доллар мен 5 мың долларға жетіп қалғанын жазған едік. Мұнай да аптаны плюспен жапқан болатын.
Жыл басынан бері алтын 15,5%, ал күміс 44% қымбаттады.