Алтын нарығында жаңа тарихи белес. 8 қазан күнгі дерекке сәйкес, алтынның фьючерстік бағасы унциясына 4 034,75 долларды құрады. Тәуліктік өсім +0,76% немесе 30,35 доллар болды.
Financial Times мәліметінше, соңғы айларда нарықта классикалық FOMO (fear of missing out — «пайданы жіберіп алудан қорқу») байқалады. Яғни, алтын бағасының өсуі жалғасады деген үміт инвесторларды жаппай сатып алуға итермелеуде.
Айта кетсек, Астана уақытымен 7 қазан күні сағат 09:45-те алтын бағасы 3997 долларға дейін барып, қазір 14:00 шамасында қайтадан 3974 долларға аздап төмендеген еді.