Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекешелендіруге ұсынылған нысандар тізімін жариялады. Оған Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қызылорда әуежайлары кірді. Әуежай акцияларының 100%-ы облыс әкімдігіне тиесілі.

Құжатта Қызылордадағы Қорқыт Ата әуежайы 2026 жылы сенімгерлік басқаруға берілетіні айтылған.

Мәтінде ұсынылып отырған іске асыру нысаны азаматтық авиация саласындағы стратегиялық инвесторға мемлекеттік үлесті сату екені көрсетілген. Сонымен бірге сатылым бойынша ұсыныстарда «сенімгерлік басқару» көрсетілген.

Қызылорда әуежайы 2024 жылы 828,4 млн теңге кіріс алды (2023 жылы – 746,9 млн теңге), ал оның 2024 жылғы пайдасы 5 млн теңгені құрады (2023 жылы – 3,7 млн теңге).

«Түркістан халықаралық әуежайын» да 2027 жылы осыған ұқсас тәсілмен жекешелендіру ұсынылып отыр. 2024 жылы ол 905,8 млн теңге тапты және 78,1 млн теңге шығынға ұшырады. Компанияның жалғыз иесі – Түркістан облысының жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқармасы (облыс әкімдігі).