Halyk Bank-тің мажоритар акционері саналатын АЛМЭКС компаниясы Halyk Bank акцияларының 7,6%-ын 475,4 млн долларға сатты. Бұл туралы банк SPO қорытындысы бойынша хабарлады. Нәтижесінде АЛМЭКС өз үлесін 69,5%-дан 62%-ға дейін азайтты.

«Ұсынылып отырған ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат) мен жергілікті ұсыныс аясындағы акциялар саны банктің айналыстағы акцияларының 7,6%-ын құрайды. Мәміленің жалпы көлемі – 475,4 млн доллар, оның құрамына бір акциясы 298,66 теңге бағасымен сатылған 121,8 млн акция және біреуі 23 доллар бағасымен сатылған 17,6 млн ЖДҚ кіреді», – делінген банк хабарламасында.

17,4 млн халықаралық ЖДҚ халықаралық ұсыныс аясында Қазақстаннан тыс жерлердегі инвесторлар сатып алды, ал 0,2 млн ЖДҚ және 121,8 млн акцияны қазақстандық инвесторлар алды. Осылайша, орналастырудың жалпы көлемінің 84,3%-ын шетелдік инвесторлар сатып алған.

Айта кетсек, бұған дейін SPO шеңберінде Halyk Bank акцияларын орналастыру бағасы 298,66 теңгені құрайтынын хабарлаған едікОсылайша, АЛМЭКС өзінің акцияларын нарықтық бағадан 7,8% дисконтпен сататыны айтылды. 

19 қарашада АЛМЭКС акционері және Halyk Bank кемінде 12 млн ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат), яғни, банк акциясының шамамен 4%-ын сату бойынша ашық ұсыныс пен өтінімдер жинауды бастағанын хабарлады

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Құлыбаевтар АЛМЭКС холдингтік тобы арқылы 69,5% акцияға ие болған еді, қазір бұл үлес 62% болдыЖДҚ ұстаушылардың үлесі — 27,9%; басқа инвесторлар мен акционерлердің үлесі 2,6%.