2025 жылдың қазан айында Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға қыркүйекпен салыстырғанда 2,9% өсті. Бұл — бірнеше ай бойы байқалған баға тұрақтылығынан кейінгі ең ірі айлық өсім, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.

Жыл басынан бері мұндай айқын өсім бұған дейін де тіркелгенімен, ай сайынғы бағаның бұлай жоғарылауы өте сирек кездеседі. 2015 жылдың қаңтарынан бері мұндай деңгейдегі қарқын бар болғаны жеті рет қана байқалған.

Қайталама нарықта да өсім қарқыны жоғары — қыркүйекпен салыстырғанда +2,1%. Бұл ретте пәтерді қайта сату сегментінде баға биыл да ай сайын тұрақты түрде өсіп келеді (қаңтар–қыркүйек аралығындағы орташа айлық өсім — 2%).

Пәтер жалдау бағасы қазан айында 1,7% өсті — бұл көрсеткіш кейінгі екі жылдағы дәл осы айдағы мәннен сәл жоғары.

Ал Астанада жағдай өзгеше: бастапқы да, қайталама нарықта да баға өзгерген жоқ — өспеді де, төмендеген де жоқ. Дегенмен кейінгі айларда елордада жаңа тұрғын үйлердің бағасы айтарлықтай қымбаттаған болатын. Қазан айында жалдау ақысы 0,5% өсті.