2025 жылғы 4 қарашада Алматы қаласында «Такси Қазақстан 2025» форумы ұйымдастырылады. Бұл – тасымалдау саласы бизнесі мен мемлекет арасындағы жыл сайынғы ең ірі диалог алаңы.
Форумның өтетін орны: ҚІЫО «Атакент», 11-павильон. Басталуы: 09:30
Такси тасымалы – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Кейінгі екі жылда таксопарктер саны 300-ден 500-ге жетті. Салада 200 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында такси арқылы 102 218,9 мың адам тасымалданған.
Форум аясында талқыланатын тақырыптар:
- Такси саласын реттеу, салық және көлік саясаты;
- Қазақстандағы такси бизнесінің даму перспективалары;
- Автокөлік нарығы және қаржыландыру құралдары;
- Алматы мен Қазақстандағы экотакси.
Форум ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Таксопарктер және Курьерлік қызметтер қауымдастығы (ТКҚҚ). Технологиялық серіктес – Яндекс, тақырыптық серіктестер – Бухта және Interpay. Форумның серіктесі - танымал Allur автокөлік компаниясы Chevrolet брендімен. Форум 1000-нан астам қатысушымен, 2 параллельді сессияда және ауқымды салалық көрмемен өтеді.
Форумға 1000-нан астам қатысушы жиналып, екі параллель сессия мен ауқымды салалық көрме өткізіледі. Қатысушылар қатарында – ТКҚҚ мүшелері, ірі таксопарктер, агрегаторлар, автокөлік және лизингтік компаниялар, қосалқы бөлшектер брендтері мен көлік саласының өзге де жеткізушілері бар.
Форум спикерлері қатарында ҚР Көлік министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар такси нарығы мен оған іргелес салалардың жетекші компанияларының басшылары мен сарапшылары.
Расталған спикерлер қатарында ҚР Таксопарктер және Курьерлік қызметтер қауымдастығының төрағасы (ТКҚҚ) Мейрам Абелкасов, taxi.kz негізін қалаушы Тимур Худайбергенов, «Бухта» финтех-компаниясының CEO-сы Асет Нұрпейісов, Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Макашева, Evo Taxi негізін қалаушы, директор, ТКҚҚ мүшесі Серік Успанов бар.
Форум 4 қараша күні Алматы қаласында, ҚІЫО «Атакент» 11-павильонда өтеді. Тіркеу 09:30-да басталады. Форумға билетті мына сілтеме арқылы сатып алуға болады.