Алғаш рет KASE индексінің ETF-і пайда болды

Алғаш рет KASE индексінің ETF-і пайда болды

Өткен жылдың соңында BCC Invest Қазақстан қор биржасымен (KASE) бірлесіп, KASE индекстері бойынша Қазақстанда алғашқы екі биржалық инвестициялық пай қорын (ETF) құрып, оларды тіркеді. Бұл қорлар еліміздегі алғашқы индекс қорлары болды.

«KASE индексі» қоры KASE индексінің құрылымын – қор биржасындағы премиум-класс акцияларының тізімін көрсетеді. Қорға инвестиция салу KASE-дің ең үздік эмитенттеріне тартымды қатысуды қамтамасыз етеді және оның өсу динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

MBM Index KASE қоры MBM_index KASE индексінің құрамын көрсетеді: қор активтерінің 75%-ы еліміздің ортамерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарға, ал 25%-ы ақша нарығының құралдарына инвестицияланады.

Екі қордың да пайының номиналды құны іске қосу кезінде бір теңгені құрайды, бұл осы құралдарды инвесторлардың кең тобына барынша қолжетімді етеді.

«KASE индексі бойынша ETF-ті іске қосу – Қазақстандағы қор нарығын танымал етудегі және халықтың инвестициялық сауаттылығын арттырудағы маңызды қадам. Биржалық индекс құралдарына инвестиция жасаудың ыңғайлылығы бүкіл әлемде мойындалған. ETF сатып алу арқылы инвестор Қазақстан экономикасының жетекші компанияларының акцияларынан тұратын әртараптандырылған портфельге инвестиция жасау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар кіру шегі төмен, инвестицияға кіру және шығу механизмі жеңіл, ыңғайлы және қарапайым. Бұл құрал инвесторлардың әртүрлі санаттары үшін қызықты болуға тиіс: бөлшек сауда инвесторына төмен кіру шегімен өтімді құралдарда инвестиция жасау тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, ал халықаралық және кәсіби инвесторларға кейбір құралдарды талдау қажеттілігінсіз әртараптандырудан алатын әсері қызықты болады», – деп атап өтті KASE Client Relations Office директорының орынбасары Нұркен Болатбек.

Қор пайларының саудасын бастау биыл бірінші жартыжылдыққа жоспарланған.

«Біз үшін ETF-ті іске қосу – біздің дамуымыздың және сенімгерлік басқару нарығындағы позициямызды нығайтудың жаңа кезеңі. Біздің нарықта индекс қорларын іске қосу қажеттілігі ұзақ уақыт бойы өзекті болды және өткен жылы заңнамалық өзгерістер қабылданғанына қуаныштымыз. Бұл осы қорларды іске қосу KASE-ге жаңа өтімділіктің келуін арттыратынына және еліміздегі капитал нарығының дамуына септігін тигізетініне сенеміз», – деп атап өтті BCC Invest компаниясының Басқарушы директоры Руслан Зерилов.