«Alatau City Bank» АҚ және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) келісімге қол қойды, осы келісімге сәйкес банк енді «Орда Аймақ» және «Орда Аймақ Плюс» бағдарламалары шеңберінде клиенттерге консультация беру және қарыздарды ресімдеу процесін жүргізу кезінде ҚТК өкілі болады.
ҚТК − Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы.
ҚТК іске асыратын «Орда Аймақ» және «Орда Аймақ Плюс» кредит беру бағдарламалары азаматтарға Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының өңірлерінде кепілдік бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, қарыз сомасы 2 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін, қарыз мерзімі 240 айға дейін. «Орда Аймақ» бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 15,9% (ЖТСМ 17,0%-дан 18,3%-ға дейін), «Орда Аймақ Плюс» бағдарламасы бойынша – жылдық 10,9%-дан 14,9%-ға дейін (ЖТСМ 11,7%-дан 16,2%-ға дейін). Бастапқы жарна – сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ы.
https://homeportal.kz/kz/orda сілтемесі бойынша ҚТК тұрғын үй порталында Сіз жылжымайтын мүлік объектісін таңдап, кредитке өтінім бере аласыз.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясымен ынтымақтастық – клиенттеріміз үшін мүмкіндіктерді кеңейтудегі маңызды қадам. КТК өкілі мәртебесі Alatau City Bank-ке «Орда Аймақ» және «Орда Аймақ Плюс» бағдарламалары бойынша кредит ресімдеудің барлық кезеңдерінде қарыз алушыларға қолдау көрсетуге, сапалы сервис пен қаржыландыруды алудың ыңғайлы процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық Қазақстан өңірлерінің тұрғындары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті Alatau City Bank Басқарма төрағасы Әнуар Қуандықов.
«Серіктестік желісін кеңейту ҚТК бағдарламаларын дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Alatau City Bank-пен ынтымақтастық «Орда Аймақ» және «Орда Аймақ Плюс» бағдарламаларын азаматтар үшін қолжетімді етуге, консультациялық қолдау көрсету сапасын арттыруға және қарыздарды ресімдеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз − КТК кепілдігі бойынша ел өңірлерінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу үшін барынша қолайлы жағдай жасау», – деді ҚТҚ Басқарма төрағасы Алтай Күздібаев.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға 2026 ж. 14 шілдедегі № 1.1.998.132 әмбебап банктік лицензияны берген