Бір тәулік ішінде Air Astana ұшақтарымен болған екі бірдей оқиға компания акцияларына британдық BAE Systems-тің жақында жасаған SPO-сынан да «неғұрлым тереңірек әрі фундаменталды» соққы болуы мүмкін, дейді Freedom Broker сарапшылары.
Айта кетейік, кеше күнді 833 теңгемен жапқан отандық әуе компариясының акция құны Астана уақытымен 14:55-те 810 теңгеге дейін құлдырады.
17 желтоқсан күні таңертең, Алматыдан Астанаға бағыт алған рейс салонның іші түтіндеп кеткендіктен, ұшқан жеріне шұғыл қайта оралып, MAY-DAY дабыл белгісін берген. Ал 18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағыты бойынша ұшқан ұшақ техникалық ақауға байланысты Дели әуежайына мәжбүрлі түрде қонды.
Бұл оқиғаларға дейін де компания акциясы арзандаған еді. Британиялық мажоритар акционері үлесін сатады деген жаңалықтан кейін Air Astana құлдырап, екі айға жуық уақыттың минимумына түскен болатын. Британдық BAE Systems қорғаныс компаниясының еншілес ұйымы – BAE Systems (Kazakhstan) Limited Air Astana әуе компаниясындың 10,1% акциясын сатты.
Freedom Broker бұған дейін Air Astana акциясы қысқа мерзімде арзандайтынын болжады.