LSE-де Air Astana-ның жаһандық депозитарлық қолхаттары 2,6%, ал жергілікті нарықта 0,6% төмендеді.

Әуе компаниясының мажоритарлық акционері BAE Systems өзінің компаниядағы үлесін 16,95%-дан 8,95%-ға дейін қысқартуға ниетті екені белгілі болды. Бұл SPO, негізінен, жақында болған «АЛМЭКС»-тің Halyk Bank-тегі үлесін орналастыруына ұқсайды.

«Қысқа мерзімді перспективада бұл котировкалар үшін жағымсыз жаңалық болғанымен, фундаменталды тұрғыдан компанияға ешқандай әсері жоқ. Өтінімдер кітабын қалыптастыру институционалдық инвесторлар үшін және тек жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша жеделдетілген режимде өтетіні хабарланды»– деді Freedom Broker мамандары.

Айта кетсек, Air Astana акционерлік қоғамы BAE Systems компаниясы топтағы өз үлесінің бір бөлігін өтінімдер кітабын қалыптастырудың жеделдетілген үдерісі арқылы сатуды жоспарлап отырғаны туралы хабарландыруды назарға алғанын хабарлады. Компанияның баспасөз қызметі мәміле туралы егжей-тегжейлі ақпарат тиісті жария ашуларда қамтылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Freedom Broker Air Astana акциясы қайта арзандап кетуі мүмкін екенін болжаған еді