Air Astana акциялары биржада қайта қарқынды өсім көрсетіп жатыр. 24 қыркүйек күнгі сағат 12:56 уақытта 798,70 теңге болды. Бұл жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Компания қағаздары сауда сессиясында +1,66% өсім көрсетіп, сауда көлемі 31,1 млн теңгені құрады.

Бағаның тарихы

2024 жылдың ақпанында Air Astana IPO-ға шығып, акцияларын 1 173,83 теңгеден орналастырған еді. Бірақ нарықтағы қысым мен сұраныстың әлсіреуіне байланысты бағасы төмендеп, 2025 жылдың ақпанында 700 теңгеден де төмен түсті. Бұл компания үшін ең төменгі деңгей болды. Осыдан кейін біртіндеп өсу кезеңі басталып, қазір акция құны тұрақты түрде көтеріле отырып, жыл басындағы 795 теңге шамасына қайта жақындады.

Айта кетсек, Air Astana таза пайдасы екі еседен артық өсті. Сондай-ақ Air Astana  бір жай акцияға 53,7 теңге, жалпы сомасы 19,1 млрд теңге дивиденд төлейтін болды