Халыққа берілген несие портфелі 2026 жылғы тамызда 1,2%, 26,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,9% өсті), оның ішінде тұтынушылық қарыздар 1,2%, 17,6 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 5,9% өсті), ипотекалық қарыздар – 1,6%, 7,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 11,5% өсті).
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі (NPL90+) 1,9 трлн теңгені құрап, 0,1 п.т.-қа, 4,0% дейін азайды. Халыққа берілген несие портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 2026 жылғы 1 қыркүйекте 4,6% немесе 1,2 трлн теңге болды. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфеліндегі NPL90+ қарыздарының деңгейі өткен айдың деңгейінде сақталып, 3,9% немесе 636 млрд теңге.