Қазір Алматы қаласында алғашқы жүргізушісіз автокөлік сынақ кезеңінен өтіп жатыр. Бұл кезеңде автокөлік деректерді жинап, қаланың цифрлық картасын қалыптастыруда, деді Yandex Qazaqstan бас директоры Тимур Шалекенов айтты.
Алғашқы коммерциялық сапарларды бастау үшін көлік сынақ режимінде бірнеше шақырым жол жүріп өту қажет.
Сонымен қатар жүргізушісіз көліктерді пайдалануға қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пилоттық жоба қазірдің өзінде Алматы, Астана және Қосшы қалаларында іске қосылды.
Жүргізушісіз таксиді 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр, деді премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.