Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылдың ақпанында балалардың әрқайсысына шамамен 130 доллар түсетінін хабарлады. Ұлттық қорды басқарудан түскен жылдық инвестициялық табыс 8,7 млрд долларды құрады.
Тимур Сүлейменов нақты деректер 1 ақпанда белгілі болатынын атап өтті, өйткені бұл уақытта жаңа туған немесе Қазақстаннан көшіп кеткен балалардың саны қайта есептеледі.
«Алдын ала мәліметтер бар. Соған сүйенсек, бұл сома өткен жылғы деңгейде болады — әр балаға шамамен 130 доллар», – деді Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, Ұлттық қорды басқарудан түскен табыс 8,7 млрд долларға жетті. Бұл екі көрсеткіш те еліміз үшін рекордтық деңгей саналады. Бұл табыс Үкіметтің мұқтажы үшін қордан ақша алынғанына қарамастан, Ұлттық қор активтерінің өсуіне мүмкіндік берді.