Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өз баяндамасында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаятыны болжанып отырғанын атап өтті.

«Үш жылдағы орташа өсім тау-кен өнеркәсібінде – 2,8%-ды, ауыл шаруашылығында – 3,9%-ды, құрылыста – 11%-ды, көлік қызметтерінде – 10,1%-ды, саудада – 6,7%-ды құрайды. Экспорт 2026 жылғы 77,1 млрд доллардан 2028 жылы 83,7 млрд долларға дейін, импорт 67,7 млрд доллардан 75,2 млрд долларға дейін өседі деп болжанып отыр», — деп атап өтті вице-премьер.

Бұл ретте инфляция болжамы 2026 жылы 9-11%, 2027-2028 жылдары орташа 6% деңгейінде айқындалған. Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде 2026-2028 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы қалыптастырылды.