ҚазМұнайГаз мұнайды Румынияға апарып өңдеуді көбейтті

ҚазМұнайГаз мұнайды Румынияға апарып өңдеуді көбейтті

ҚазМұнайГаз акциясының бағасы рекордтық 26 мың теңгеден асқан тұста, компания 2025 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады.

Қор көлемі мен өндіру көрсеткіштері

Дәлелденген және ықтимал қорлар (2P): 1,1% артып, 724 млн тонна мұнай баламасын құрады. Бұл ретте өндірілген мұнайдың орнын толтыру көрсеткіші 100% болды.

Мұнай және газ конденсатын өндіру 10% өсіп, 26,2 млн тоннаға жетті. Өсімге негізгі үлесті мегажобалар қосты: Теңіз (+40,3%) және Қашаған (+4,9%). Ал Қарашығанақ жобасында өндіріс 0,5% азайған. Операциялық активтер жалпы алғанда өткен жылғы деңгейде қалды.

Газ өндіру 19,8% артып, 11,45 млрд м³ құрады.

Мұнай тасымалдау

Мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 83,3 млн тоннаны құрады (-0,2%). Дегенмен, құбыр арқылы тасымалдау 3,3% өссе, теңіз арқылы тасымалдау 18,7% төмендеген.

Мұнай өңдеу және өнім шығару

Мұнай өңдеу көлемі тарихи максимумға жетіп, 20,9 млн тоннаны (+9,5%) құрады.

Қазақстандық МӨЗ-дер өңдеуді 3,2% арттырды.

Румыниядағы KMG International активтері өндірістік қуаттар қалпына келтірілгеннен кейін өңдеу көлемін бірден 27,9% өсірді.

Мұнай-химия өнімдері

Мұнай өнімдерін өндіру 10,1% өсіп, 19,7 млн тоннаға жетті (соның ішінде бензин – 12,5%, дизель – 18,1% өсім көрсетті).

KPI зауыты полипропилен шығаруды 51,4% арттырып, 186,6 мың тоннаға жеткізді, ал оның экспорты 44% өсті.

Айта кетсек, Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады. Энергетика министрлігі Маңғыстау немесе Ұлытау облысында қуаттылығы жылына 5 млн тонна жаңа мұнай өңдеу зауытын салу қарастырылып жатқанын, жоба алдын ала инвестиция тартуды талап ететінін, сонымен қатар инвестицияның өтелуін қамтамасыз ету үшін авиаотынның өзіндік құны жоғары болатынын айтқан еді.