2024 жылы экспорт 81,6 млрд доллар, импорт 59,7 млрд доллар болды

2024 жылы экспорт 81,6 млрд доллар, импорт 59,7 млрд доллар болды

2024 жылғы қаңтар–желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 141405,7 млн долларды құрап, 2023 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда номиналды мәнде 1,3% көбейді

  • Экспорт – 81618,4 млн доллар (номиналды мәнде 3,1% көбейген);
  • Импорт–59787,3 млн доллар (номиналды мәнде 1% азайған).

2024 жылғы қаңтар–желтоқсанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 30447,5 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 2,2% көбейді.

2024 жылғы қаңтар–желтоқсанда тауарлар экспорты 10977,7 млн доллар (5,1% азайған), импорт – 19469,8 млн доллары (6,9% көбейген).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына–91,3%, бұдан әрі Қырғыз Республикасына–5,6%, Беларусь Республикасына–3%, Армения Республикасына–0,1% келеді.

Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлесі 2024 жылғы қаңтар–желтоқсанда мынадай тауарларға тиесілі: шикі мұнай және битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай өнімдері (52,5%), химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (5,6%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,1%), кендер және мыс концентраттары (3,9%), ферроқорытпалар (3%).

Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: жеңіл автокөліктер (3,8%), ұшу аппараттары (3%), дәрілік заттар (2,8%), телефон аппараттары (2,7%), моторлы көлік құралдарына арналған шанақ (2,3%).

Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (22,9%), Қытай (18,3%), Ресей (11,7%), Нидерланды (6,5%), Франция (4,5%), Түркия (4,1%).

Қазақстан Республикасының импорттағы негізгі әріптес елдері: Ресей (30,5%), Қытай (25,3%), Германия (4,7%), АҚШ (3,8%), Корея Республикасы (3,2%), Франция (3,1%).