1 қыркүйекте ұстаздарға гүл мен сыйлық беруге болмайды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, мектеп қабырғасында педагогтерге гүл немесе қандай да бір сыйлық сатып беруге болмайды.

Бұл туралы жергілікті атқарушы органдар мен әкімдіктерге ресми нұсқаулық хаттар жіберілген.

Сонымен қатар мектептерде 1 қыркүйекте дәстүрлі салтанатты жиындардың форматы өзгереді. Мектептерде бірыңғай сынып сағаттары, ал колледждерде кураторлық сағаттар өткізіледі. Олардың ұзақтығы шамамен 45 минут болады.